RU

Жартылай жалаңаш жүретін тайпа өкілдері ислам дінін қабылдады (фото)

Көшпелі өмір салтын ұстанатын индонезиялық тайпаның бірнеше мүшесі жақсы өмірден үміт етіп, ислам дінін қабылдады деп жазады шетелдік басылымға сілтеме жаса ihsan.kz.

Оранг Римба тайпасының өкілдері тілдерін кәлимаға келтіргеннен кейін аты-жөндерін мұсылманша есімге ауыстырды. Көп ұзамай жаңа төлқұжат алатын болады.

Аталған тайпаның балалары күн сайын жиналып, қасиетті Құранға ден қойып, ислам дінінің негіздерін зерделеп жүр. Меценат мұсылмандар тарту еткен орамалды бастарына тартқан қыз балалар мен тақия киген ұл балалар дәріс тыңдап жүр.

Тағы оқыңыздар: "Құдайдың қаласы": Әлемдегі ең қорқынышты аудан туралы не білеміз? (фото)

Айта кетейік, ислам дінін қабылдаған тайпа мүшелері қатты өзгерген.

Олар бұрын жартылай жалаңаш жүретін болса, қазіргі уақытта көпшілік жиналған жерлер мен көшеге толық киініп шығатын болған.

Тағы оқыңыздар: Қостанай облысындағы қорқынышты бұлттар тұрғындардың үрейін ұшырды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1544573-zhartylay-zhalanhash-zhuretin-taypa-okild.html