RU

Шымкентте қымбат көліктегі үш жігіт соңына түскен полицейлерді аяусыз сабап тастады (фото)

Шымкентте ішіп алып полицейлерді соққыға жыққандар қамауға алынды. Жуан жұдырықты үшеу енді он жылға дейін сотталуы мүмкін деп хабарлайды КТК арнасы.

Айта кетсек, аталған қалада мас күйінде көлік айдап жүргендерді тоқтатқан полицейлерді қымбат машина мінген үш сыныптас соққыға жыққан еді. Тіпті, погондарын жұлып, формасын жыртып қинапты.

Тағы оқыңыздар: Назарбаев Ресей мен Украинаны қайта татуластырмақ

Көп ұзамай ұсталған үшеудің Өзбекстан тумалары екені және олардың екеуінің Қазақстан азаматтығын алғаны белгілі болды.

Оқиға сенбіден жексенбіге қараған түні болған. Жүргізушісі ішкен болуы мүмкін деген күдікпен, Мерседес көлігін полицейлер тоқтатпақ болған кезде қымбат көлік мінгендер қаша жөнеліпті.

Қала шетіне тоқтаған көліктің ішінен үшеу шығып, артынан жеткен екі полицейді тепкінің астына алған. Соның кесірінен погондар жыртылып, полицейлердің формалары қанға боялған.

30 және 20 жастағы қос полицей ұзақ таяқ жер ме еді, тек артынан жеткен екі экипаждағы полицейлер, үшеуді әупірімдеп жүріп, байлап тастаған.

Билік өкілдерін тепкілеуге күші жеткендер тек өз істерін бірден мойындамағанымен, олар жасаған әрекет видеоға түсіп қалған болып шықты.

Тағы оқыңыздар: Жамбыл облысында безгек ауруын жұқтырған әйел көз жұмды

Қарсылықпен медицина сараптамасына әзер жеткізілген үшеудің де ішімдіктен әбден сілтегені анықталды. Ал, соққыға жығылған полиция старшинасы мен сержанты жұмыстарын жалғастырып жатыр. Денсаулықтарына қаншалықты зақым келгені әлі тексерілуде.

Полицейлерді соққыға жыққан үшеу қазір тергеу абақтысында жауап беріп жатыр. Погондылар оларға қатысты екі бап бойынша қылмыстық іс қозғаған. Өткен іске өкінетінін айтқанымен, полицейлер үшін жуан жұдырықтыларды жазалау ардың ісі болып тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1544757-shymkentte-qymbat-koliktegi-ush-zhigit-s.html