RU

Димаш су тасқынынан зардап шеккен қытайлықтарға 14 млн теңге аударды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдың Хунань провинциясында болған су тасқыны апатынан зардап шеккендерге ақшалай көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Hunan телеарнасының weibo әлеуметтік парақшасында жарияланған ақпаратқа қарағанда, Димаш Mango V қоры арқылы Хунань провинциясындағы су тасқынынан кейін қайта қалпына келтіру жұмыстары үшін көмек ретінде 300 мың юань (14 миллион теңге) қаражат аударған.

Тағы оқыңыздар: Құдалық басталды: Алматыда киітке арналған жасанды тон мен арзан киімдердің саудасы қызып тұр

Қазақстандық әнші Хунань провинциясында өткен «Singer» ән байқауы арқылы әлемге танылғандығын айта келіп, бұл көмекті өзінің азаматтық борышы деп есептейтіндігін жеткізген.

Апаттың салдарын жоюға Қытай үкіметі мен елдің танымал адамдары қол ұшын беруде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1544833-dimash-su-tasqynynan-zardap-shekken-qyt.html