RU

Назарбаев Путин мен Ердоғанды қалай татуластырды?

Түркия ресейлік жойғыш ұшақты атып түсіргеннен кейін екі ел арасында қарым-қатынас суып кеткен еді. Оларды татуластыруда не себепті басты рөл Нұрсұлтан Назарбаевқа бұйырғанын "Хабар" арнасы баяндады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Ресей-Түркия қарым-қатынасындағы дағдарыстың жойылуы туралы "Бітімгер міндеті" атты деректі фильм жарыққа шықты. Екі ел бір-бірімен араздасқан сәтте бәрі Қазақстан таңдау жасауы тиіс деп санап келген еді.

Алайда Нұрсұлтан Назарбаев Ресей де, Түркия да Қазақстан үшін маңызды серіктес екенін алға тартып, екі елді татуластыруға бар күшін салған.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбеде дауылдан құлаған кранның жүргізушісі жантүршігерлік видеоны жария етті (видео)

Мәскеудегі саммит алаңында Қазақстан президенті Путинді Түркия тарабының үш қадамын қабылдауға көндірді: кешірім сұрауын, кінәлілерді жазалауын және шығынды өтеуін.

Назарбаев Түркия тарабына Ердоғанның атынан хат жолдауды ұсынады. Онда Ердоған кешірім сұрап, шығынды өтеуге уәде етуі тиіс еді.

Қазақстан президентінің 2016 жылы Түркияға ресми сапары кезінде Ердоған хат жазуға келісім береді.

Тағы оқыңыздар: Қыдырәлі Болманов өміріндегі қатты қорқып, үрейленген кезі туралы айтып берді

Ал 2016 жылы Өзбекстанда өткен саммит кезінде Назарбаев Путинді Түркия тарабынан келген хатты қабылдауға көндіреді.

Осылайша Түркия тарабы хаттың арқасында қарым-қатынас қалпына келе бастағанын мойындап, Назарбаевты "екі елді татуластыруда басты рөл ойнаған түрік әлемінің ақсақалы" деп атады.

"Сіз Ресей-Түркия қарым-қатынасын қалпына келтіру туралы сөз еттіңіз. Осы орайда делдалдық міндетіңізді атқару кезінде жұмсаған күш-жігеріңіз үшін сізге алғыс білдіремін", - дейді Путин Назарбаевқа.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1544922-nazarbaev-putin-men-erdoghandy-qalay-t.html