RU

Ақтөбеде күзет кезінде тәтті ұйқыға кеткен әскери қызметкер ұятқа қалды

Ақтөбеде әскери өмірде әлсіздік танытқан қызметкер жауапқа тартылды. Ол госпитальдағы күзет кезін ұйқымен өткізген деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Әскери қызметшіге қатысты іс мамандандырылған әкімшілік сотында қаралды. Стратегиялық нысан қызметкерінің ұйықтап қалғанына қатысты оқиға 2017 жылдың 15 маусымда болған.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбеде дауылдан құлаған кранның жүргізушісі жантүршігерлік видеоны жария етті (видео)

Сот тергеуі кезінде әскери госпитальда тәуліктік кезекшілікте тұрған қызметкердің ұйқтап қалғаны анықталды. Командирдің бұйрығын бұзып, белгіленбеген уақытта ұйықтап қалған әскери әкімшілік жауапқа тартылды.

Сот қаулысына сәйкес, әскери қызметші Ж. әкімшілік құқықты бұзғаны үшін 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1544968-aqtobede-askeri-qyzmetker-gospital.html