RU

Жаңаөзен балабақшасындағы жантүршігерлік жағдай туралы видео тексеріске алынды

Прокуратура "бүлдіршіндері төсек орны мен ыдыс-аяқтан таршылық көріп отырған" Жаңаөзеннің балалар бақшасын тексеріп шықты. Бұл туралы NUR.KZ порталы Tumba.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Білім саласындағы бақылау департаменті балалар бақшасына тексеру жүргізді. Кінәлі тұлғаларға қатысты сәйкесінше бұйрық шығарылып, балалар бақшасының директоры жұмыстан шықты", - дейді Жаңаөзен прокуратурасында.

Балалар бақшасында бірқатар заңбұзушылықтар анықталғанымен, бүлдіршіндердің төсек орны мен ыдыс-аяқтан таршылық көріп жатқаны дәлелін таппады. 

Тағы оқыңыздар: Қостанайда облыс әкімінің намаз оқитынын айтқан басшы қысым көріп жатыр

Одан бөлек 280 бала сыятын №13 балалар бақшасында тексеріс кезінде 168 бала ғана болған. Департамент директордың жұмыстан өз еркімен кеткенін алға тартты.

"Директор өз еркімен жұмыстан шықты. Онымен балабақша тәрбиешісі араздасып, осылай істеуді ұйғарған. Маңғыстау облысында мұндай жайт алғаш рет болып отыр", - дейді Білім саласын бақылау департаментінің басшысы Есболат Өмірзақ.

Еске салсақ, әлеуметтік желіде балалар бақшасындағы былық туралы жанайқайын жеткізген тәрбиешінің видеосы тарап, жұртты дүрліктірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1544975-zhanhaozen-balabaqshasyndaghy-zhanturshig.html