RU

Мәдина Балғабаеваның ер жетіп қалған ұлы сымбатымен елді таңғалдырды (фото)

Танымал тележүргізуші Мәдина Балғабаева өзінің ер жетіп қалған ұлын көрсетіп, елді таңғалдырды. Себебі әлі күнге дейін жас бойжеткендей көрінетін тележүргізушінің ұлы бар екенін жұрт білмеген. Ол бірнеше күн бұрын ұлы Ілиясты Лондонға аттандырды.

"Жолың ашық болсын! Сені үлкен үмітпен және сеніммен жіберіп отырмын", - деп жазды ол.

Ал желі қолданушылары болса Мәдинаның ер жетіп қалған ұлы барына сенбей қалды.

Тағы оқыңыздар: Қыдырәлі Болманов өміріндегі қатты қорқып, үрейленген кезі туралы айтып берді

"Ініңіз бе?", "Сіз оның мамасына ұқсамайсыз ғой", "Мәссаған, мынадай ұлыңыз бар екенін білмеппін", "Ілияс өсіп кетіпті. Оған жақсылық серік болсын", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1544989-madina-balghabaevanynh-er-zhetip-qalghan.html