RU

Әлемде алғаш рет жынысы белгісіз сәби дүниеге келді (фото)

Канадада дүниеге келген сегіз айлық Сирил Доти әлемде алғаш рет жынысы анықталмаған сәби ретінде тіркеуге алынды. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл шешімді өзін ешбір жынысқа жатқызғысы келмейтін бүлдіршіннің әкесі шығарған. Кори Доти өзін не еркек, не әйел санамайтындықтан, өзіне және баласына "олар" деген жыныс атауын беруді ұйғарыпты.

Тағы оқыңыздар: Мәдина Балғабаеваның ер жетіп қалған ұлы сымбатымен елді таңғалдырды (фото)

Нәтижесінде Сирилдің құжатында жынысы "анықталмаған" деген жазба түсті. Енді балақай елдің бірқатар өңірлерінде дәрігерге қарала алмайтын болды. Себебі, олар мұндай құжатты қабылдамайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1544997-alemde-alghash-ret-zhynysy-anyqtalmaghan.html