RU

Алматыдағы италиялық дүкеннің ашылуында Есімов пен Сағынтаевтың қыздары бас қосты (фото)

Алматыдағы Rixos қонақүйінде жартылай асыл тастардан жасалған үй жиһаздары бутигінің ашылу салтанаты өтті. Бұл кешке еліміздің элита өкілдері ат басын тіреді. Қонақтар қатарында белгілі шенеуніктердің қыздары да бар деп хабарлайды buro247.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Baldi деп аталатын италиялық дүкендер желісінің ашылу рәсімінде "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің және премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың қызы төбе көрсетті.

Сондай-ақ, белгілі ақын Олжас Сүлейменовтың қызы Мадина Сүлейменова да осы көңілді кештің сыйлы қонағы болды.

Алматылық бутиктің ашылуына орай компанияның бас директоры Лука Балди де келіпті.

Жиналған қонақтардың көңілін танымал пианист Олег Переверзев көтерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1545031-esimov-pen-saghyntaevtynh-qyzdary-qala.html