RU

Қайрат Нұртас пен қырғыз қызының сахнадағы әрекеті елді шулатты (видео)

Күні кеше Қайрат Нұртас қырғыз еліне барып, өзінің кезекті гастрольдік сапары аясында концерт беріп қайтты. Әнсүйер қауым Қайрат Нұртасты көкке көтеріп, сый-құрметін аямады. Ел қарапайымдылығы үшін жақсы көретін Қайрат бұл жолы да ерекшеленді. Концерт барысында оның қырғыз қызымен айтқан әні елдің қызу талқысына түсті.

Қайрат Нұртас Жасмин есімді тыңдарманымен "Ауырмайды жүрек" әнін беріліп айтты.

Тағы оқыңыздар: Қыдырәлі Болманов өміріндегі қатты қорқып, үрейленген кезі туралы айтып берді

Дегенмен, оларды сынап, қыздың әрекетіне көңілі толмаған көрермендер де табылды.

"Екеуінің әрекеті біртүрлі", "Ішіп алғанға ұқсайды", - деп жазды "дуэтті" сынағандар.

Алайда "сынағыштарды" жерден алып, жерге салып: "Қайрат бүкіл Орта Азияға танымал әнші", "Қайрат бауырым, сені қырғыз елі жақсы көреді, әндеріңді қайталап тыңдай берем", "Бізге жиірек келіп тұр, қазақ әншісі", - деп жазғандар да аз болмады.

Олар әсіре сыншыларға тырнақ астынан кір іздемеуге кеңес берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1545048-qayrat-nurtas-pen-qyrghyz-qyzynynh-sakhn.html