RU

Астанада қайырымсыз балалар қартайған шағында анасының үйін тартып алды (фото)

 Астанада 75-тегі кейуананы өзегін жарып шыққан ұлы мен қызы далада қалдырмақ. Олар Айтжамал әже тұрып жатқан пәтерді өз аттарына аударып, ол кісіні баспанадан қуып шыққалы жатыр. Шарасыз ана сотқа шағымданғанымен, ондағылар шағымды отбасылық мәселе деп, қарамай қойыпты. Амалы таусылған жан Еуразия бірінші арнасына хабарласып, көмек сұрауда.

Айтжамал Әшімованың жасы 75-те. Төрт баланың анасы. Екі ұл, екі қыз сүйген. Бір қызы бірінші топтағы мүгедек болғандықтан, 20 жыл бойы соған қараған. Сөйтіп жүргенде қызының жолдасы оған қараудан бас тартып, тастап кеткен. Қолында сол қызынан туған немересі бар.

Тағы оқыңыздар: Шенеунік: Ресей қазақтарды Сирияға күштеп жібермейді

«Анамның ағайындары бар. Бірақ та ешкім осы жылдар бойы көмектескен жоқ. Көмектесудің орнына әжемнің пәтерін тартып алды, басқа ештеңе істеген жоқ. Маманың қазір қолдары да қозғала алмайды. Жүре алмайды. Әжем осы 20 жылдай бойы анама қарады және мені бақты, өсірді. Оған әрине үлкен рақмет», - дейді Айтжамал Әшімованың немересі Жандос Ыбыраев.

Кейуананың қос баласы тартып алған бұл жалғыз пәтер емес екен. Мүгедек қызына мемлекет берген баспананы да аттарына аударып, сатып жіберген. Шарасыз ана әділет іздеп, сотқа шағымданған. Ал құзырлы орган өкілдері мұны отбасылық мәселе деп қарамай, жылы жауып қойған. Анасының бұл әрекетін естіген баласы хабарласып, тіпті қоқан-лоққы көрсеткен.

- Я вам прямо говорю, если вы еще раз, кто-то из вас напишет бумагу, я Заурешке скажу, она выселет вас из дома.

- Пусть выселяет, она же итак выселет.

- Мама, она выселят не будет, я ей скажу чтобы она эту квартиру продала. И вас будут выселят другие люди.

«Мен сенің қайда баратыныңды білемін, сен үйде тұрмауың керек, сен далада тұруың керек. Как "бичтар" секілді дейді маған. Сосын мен айттым, қалай мен жүремін. Менің өмір бойы үйім болды. Бәлен бала тәрбиеледім. Мені үкімет далаға тастаған жоқ. Сенің мына үйге еңбегің сіңді ма? Сен әлде маған ақша бердің ба деймін. Мен сені оқыттым, жеткіздім, сенің маған істеп отырған рақметің осы ма деп ұлыма кейідім", - дейді Айтжамал Әшімова.

Тағы оқыңыздар: Астанаға келген гонконгтық турист жуынатын ыстық су таппай дал болған (фото)

Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған байғұс анаға қызы тартып алған үйін қайтарып беремін деп уәде етіпті. Алайда ол да берген уәдесінде тұрмаған. Керісінше далаға қуып отыр.

Өз балалары өзекке тепкен жан енді кімнен көмек сұрарын білмей дал. Ұлы мен қызы өз аттарына аударып алған баспанадан қуып шығатын болса, мүгедек қызына туған немересімен қайда барып күнелтерін білмейді. Бір шеті өзі қарай алмаған соң "мүгедектер үйіне" өткізген қызының да ертеңіне алаңдаулы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1545105-astanada-qayyrymsyz-balalary-qartay.html