RU

Ресейлік журналистер қазақ тілі мен "бісміллә" сөзін әжуаға айналдырды (видео)

Ресейлік Eurosport телеарнасы қазақстандық теннисші Александр Бубликпен "күлкілі" сұхбат жасап, қазақ тіліндегі сөздерді әжуалады деп хабарлайды vesti.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Айта кетейік, бұрынғы ресейлік спортшы Александр Бублик Қазақстанның атынан 2016 жылдан бері өнер көрсетіп жүр.

Уимблдон турнирінде атақты Энди Марреймен ойнап, жеңіліс тапқан теннисшімен сұхбат кезінде телеарна журналистері одан қазақ тіліндегі бірнеше сөздің мағынасын сұраған.

"Бісміллә" сөзін білмеген спортшыға екі журналист осы сөздің мәнін эмоциялық жай-күймен түсіндірмек болды.

"Мысалы сен сетканың ар жағындағы Маррейді көріп, "бісміллә" дедің", - деп түсіндіреді бір журналист.

Екіншісі оның сөзін іліп әкетіп: "О, құдайым, бісміллә, маған қарсылас болып Маррейдің өзі түсіпті. Яғни бұл - қорқыныш деген мағынаны білдіреді", - дейді.

Александр Бублик өзінің Маррейді көргенде қорыққанын емес, керісінше, қуанғанын айтады.

Екі журналистің спортшыдан тағы бір сұрағаны - "базар жоқ" деген ауызекі тілде қолданылатын сөз тіркесі болды. Оның да мәнін білмеген теннисшіге Eurosport жүргізушілері: "Көйлегің әдемі, базар жоқ, керемет" деген мағынаны білдіретінін түсіндіріп бақты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1545133-reseylik-zhurnalister-bismilla-sozin.html