RU

Астанада жоғалып кеткен ер адамды жақындары таба алмай сабылып жүр (фото)

Астанаға жол тартқан Атбасар тұрғыны Каеркенов Әлімжанды жақындары іздеп таба алмай жүр деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Жас жігіттің обтасына жақын дос болып келетін Әсем Оспанова оны үйінде кішкентай баласы мен әйелі сарғая күтіп отырғанын айтып, дабыл қақты. Бойжеткен хабарсыз кеткен азаматты табу үшін көмек сұрауда.

Тағы оқыңыздар: Астанада қайырымсыз балалары қартайған шағында анасының үйін тартып алды 

1990 жылы 28 тамызда дүниеге келген азамат осы жылдың мамырында Астанаға жол тартып, содан бері хабарсыз кеткен.

Ерекше белгілері: бойы -180 см, денесі шымыр, көзі қара қоңыр түсті, шашы қара, санында меңі бар. Қара кепка, қара футболка, трико киген және өзімен рюкзагы болған.

Ол туралы қандай да бір ақпарат бере алатындар келесі байланыс нөміріне хабарласа алады: 8 776 053 33 35

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1545140-astanada-zhoghalyp-ketken-er-adamdy-zhaq.html