RU

Өзбекстанда жас жігітті гей болғаны үшін жұмысынан қуып жіберді (фото)

Қарақалпақстанның 23 жастағы тұрғыны Нүкіс қаласындағы клиникалардың бірінде массаж жасаушы болып жұмыс істеген. Жас жігітті басшылық гей екенін білгеннен кейін жұмыстан қуып жіберіпті. Бұл туралы NUR.KZ порталы «Озодликаға» сілтеме жасап хабарлайды.

23 жастағы Ербулат емхананың бас дәрігері оны гей болғаны үшін жұмыстан қуғанын айтып берді.

Тағы оқыңыздар: Ресейлік журналистер "бісміллә" сөзін әжуаға айналдырды (видео)

"Ол менің гей екенімді біліп қойды. Содан кейін "Сен бізді масқара етесің, бізге гейлер керек емес, жұмыстан кету туралы өтініш жаз" деді. Мен амалсыз өз еркіммен жұмыстан кету туралы өтініш жаздым. Содан бері жұмыссызбын. Мені еш жерге жұмысқа алмайды", - деп мұңын шақты ол.

Емхана өкілдері болса, оны жұмыстан кетуге ешкім мәжбүрлемегенін алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1545169-ozbekstanda-zhas-zhigitti-gey-bolghany-u.html