RU

Қазақ тойында қалыңдықты терезеден кіргізгендер жұртты таң қалдырды (видео)

Әлеуметтік желіде қалыңдықты терезеден кіргізген қазақ тойының видеосы тарады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Видеода қалыңдықты есіктен емес,  терезеден кіргізіп жатқаны байқалады. Желі қолданушылары мұндай дәстүрдің қайдан келгенін түсіне алмай, қызу пікір таластырды.

"Бір үйге бірден екі келін түскенде осылай істейді", "Бірінші рет көріп тұрмын", "Қазақта бұндай салт жоқ", "Кезінде киіз үйдің қай терезесінен кіргізді екен? Шаңырақтан кіргізген ба?", "Бұл дәстүр бұрыннан бар, екінші рет тұрмысқа шығып жатқан келіншекке жасайды", - деп пікір қалдырды желі қолданушылары.

Кейбірі бұл видеоны әзілге айналдырып үлгерді.

"Берем десе, форточкадан-ақ бере салады", "Бәлкім оларда есік жоқ шығар?", "Келін толық болып, терезеге сыймаса не істейді?", - деп жазған өзге желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1545244-qazaq-toyynda-qalynhdyqty-terezeden-k.html