RU

Алматыда екі көлік соқтығысып, жантүршігерлік жол апаты болды (фото)

Алматыда Жаңажолдан төменірек Момышұлы көшесі бойында, Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы маңында ірі жол апаты болды, деп хабарлайды куәгерлер Sputnik Қазақстанға.

E және C санатының екі Mercedes көлігі Момышұлы көшесімен оңтүстік бағытта келе жатады. Е санатындағы көлік С санатындағы Mercedes көлігін сол жағынан озбақшы болады, алайда абайсызда көлікті қағып кетеді.

Тағы оқыңыздар: Астанада қайырымсыз балалар қартайған шағында анасының үйін тартып алды (фото)

Қатты жылдамдықпен келіп соғылғандықтан, екі көлік те қарсы беттік қозғалыс жолағына шығып кеткен. Ол кезде қарсы бетте солтүстік бағытта Toyota Carina E келе жатқан еді.

С санатындағы Mercedes көлігі Toyota көлігімен бетпе-бет соғылып, екі көлік те қатты майысып қалады. Жол апаты орнына келген құтқарушылар іштегі адамдарды шығару үшін Toyota есігін кесіп алып тастауға мәжбүр болған.

Жедел жәрдем жапон көлігінің жүргізушісі мен жолаушы әйелді ауруханаға жатқызды. Ер адам ауыр хәл үстінде жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1545246-almatyda-eki-kolik-soqtyghysyp-zhantur.html