Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа ереже: Жүргізушілердің құқығы артып, полицейлердің міндеті көбейді

Опубликовано:

Мемлекет басшысы жол жүрісі саласындағы заңнаманы әрі қарай жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Оның ішінде, жол-патрулдік полиция көлікті тоқтатқан кезде, заң бойынша, жолаушылар полиция қызметкерінің рұқсатын күтпей, көліктен шығып кетсе болады.

Тағы оқыңыздар: Назарбаев Астана күнін тойлауды ашық деп жариялады

Енді полицейлер көлікті тоқтатқаннан соң, жақындап, өзін таныстырып, куәлігін көрсетіп, неге тоқтатқанын түсіндіріп, пайдаланылатын техникалық құралдардағы деректі көрсетуі тиіс.

Бұған дейін бұл міндеттер ішкі істер министрі бұйрығында ғана айтылған болатын, сол себепті үнемі сақтала бермейтін.

Сонымен бірге, заң бойынша, жүргізушілердің көлікті тоқтатқан кезде полицей әрекетін фото немесе видеоға түсіріп алуға құқығы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1545377-zhanha-erezhe-zhurgizushilerdinh-quqyghy-ar/

pixel