RU

25 млн теңгені жеңіп алған "Қазақстан Барысына" әкім Көшербаев үй сыйлады

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев VII «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы Еламан Ерғалиевпен кездесті деп хабарлайды Baq.kz.

«Төл спортымызды түлету біздің облысымыздан бастау алғаны – біз үшін үлкен абырой. 2011 жылы алғашқы «Қазақстан барысы» титулын иеленген Ұлан Рысқұл болса, Руслан Әбдіразақов күміс және қола жүлделерді иеленді. Олардың жеңісті жолын 22 жастағы батырымыз Еламан Ерғалиев жалғастырып отыр. Осы спортшылардың биік белестерді бағындырып, жетістіктерге жетуіне үлес қосқан жаттықтырушысы Садық Мұстафаевтың және Әділбек Серікбаевтың да еңбегі зор деп атап өткім келеді», - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.

Аймақ басшысы «Қазақстан барысы» жеңімпазына екі бөлмелі пәтердің сертификатын табыстады.

Тағы оқыңыздар: Бір пост жарты миллион теңге: Ақшаны күреп табатын отандық жұлдыздар кім? 

Өз кезегінде Еламан Ерғалиев облыс әкіміне қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, болашақтағы жоспарларымен бөлісті. Оның мақсаты – олимпиада медалін жеңіп алу.

«Боз кілемдегі белдесуде ойымда тек туған жерім мен жерлестеріме жеңіс сыйлау тұрды», - дейді Еламан Ерғалиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1545465-250-mln-tenhgeni-zhenhip-alghan-qazaqstan-ba.html