RU

Шымыр денесімен көзге түскен жеті жасар балақай әлемге танымал болды (фото)

Қытайда тұратын жеті жасар балақай ерекше дене бітімінің арқасында әлемге танымал болды. Бұл туралы NUR.KZ порталы шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Чэнь Йи Чжэцзян провинциясында гимнастикамен айналысып жүр. Бұл салаға бет бұрғанына екі-ақ жыл болған балақай денесін шебер шынықтырып алған.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбеде үйі суға кеткен көпбалалы ана Сапарбаев берген пәтерде тұруға қорқып жүр

2 шілде күні Ханчжоуда гиманстикалық ойындар өткеннен кейін балақай киімін ауыстыра бастайды. Сол сәтте оны байқап қалған журналистер фотоға түсіріп алған. Чэнь фотолары желіге тарағаннан кейін, бірден әлемге танымал болып кетті.

Балақай бүгінде бірталай жетістіктерге жеткен. Ол түрлі жасырстарда алты алтын медаль мен бір күміс медальды еншілеп үлгеріпті. Чэнь Йи гиманстиканы қатты жақсы көретінін алға тартады.

Тағы оқыңыздар: 25 млн теңгені жеңіп алған "Қазақстан барысына" әкім Көшербаев үй сыйлады

Ал анасы Чжан Хунью баласының өте мықты екенін айтып мақтанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1545486-shymyr-denesimen-kozge-tusken-zheti-zhas.html