RU

Тарихта болмаған той: Ресейлік олигарх қызының ұзатуын дүркіретіп өткізді (фото, видео)

Ресейлік олигарх Эльдар Османовтың қызы мен Альберт Авдолянның ұлы некелерін қидырып, дүркіретіп той жасады. Бай балаларының тойына Леди Гаганың өзі келіп, ән шырқаған деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Той Лос-Анджелесте өтіп, оған Леди Гагадан бөлек Николай Басков және Стас Михайлов секілді ресейлік жұлдыздар да шақырылған. Қыруар ақша жұмсалған бұл тойды Голливуд тарихындағы ең аста-төк тойлардың бірі деуге болады.

Бақытты жас жұбайлар Гаспар мен Лолита той қонақтарына шақырту билетінің орнына, той туралы баяндайтын бейнеролик пен қымбат бұйымдар салынған кейс таратқан.

Тағы оқыңыздар: Аптап ыстық: Қызылордада күн 56 градусқа дейін ысып кетті (фото)

Тойды Ксения Собчак пен Андрей Малахов басқарды. Ал мейрамхананы гүлмен көмкерудің өзіне кемінде $500 000 жұмсалған. Жұлдыздардың өнер көрсетуі ең аз дегенде $2 млн-ға түседі.

Ал мейрамхана мен өзге де той шығындарын есептегенде, $20 млн жұмсалған болуы керек деп жазады ресейлік басылымдар.

Тағы оқыңыздар: Шымыр денесімен көзге түскен жеті жасар балақай әлемге танымал болды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1545536-tarikhta-bolmaghan-toy-reseylik-oligar.html