RU

Аптап ыстық: Қызылордада күн 56 градусқа дейін ысып кетті (фото)

Кеше Қызылордада ауа температурасы +56 градусты көрсеткен. Тұрғындар ми қайнатар аптап ыстықта "жанымызды қоярға жер таппадық" дейді. Бұл туралы NUR.KZ порталы хабарлайды.

Редакцияға келіп түскен хаттардың арасынан күн райы қатты ысып кеткенін жазған қызылордалық азаматтың хабарын байқап қалдық.

Және дәлелі де жоқ емес. Төмендегі суреттен қала көшелерінің біріндегі бағанадан ауа температурасы 56 градусты көрсетіп тұрғанын байқауға болады.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбеде үйі суға кеткен көпбалалы ана Сапарбаев берген пәтерде тұруға қорқып жүр

Естеріңізге салсақ, синоптиктер алдағы үш күнде еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде күннің қатты ыситынын айтқан болатын. Оның ішінде Маңғыстау облысының кей өңірлерінде де ауа температурасы шектен тыс көтерілетіні туралы ақпарат берілген болатын.

Sputniknews.kz агенттігінің жазуынша, 6-9 шілде аралығындағы мереке күндері Қазақстанның солтүстік бөлігінде күндіз ауа температурасы 38 градусқа дейін, ал оңтүстікте 42 градусқа дейін көтерілмек.

"Екінші және үшінші он күндікте аптап ыстық салқын әрі жаңбырлы күндермен алмасады", -  деді синоптик.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1545546-qyzylordada-aua-rayy-56-gradus-ystyq-bol.html