RU

Адамдардың зәре-құтын қашырған жеті белгісіз құбыжық (фото)

Талай ғалымдардың назарына ілігіп, адамдардың зәре-құтын қашырған жеті белгісіз құбыжықты NUR.KZ порталы fishki.net сайтына сілтеме жасап назарларыңызға ұсынады.

1. Таиландтағы жатпланеталықтың жерлеуі

Бұл белгісіз тұяқты құбыжықтың мәйітін Таиланд тұрғындары Құдай деп санап, оны жерлеу үшін бірталай жұрт жиналған болатын.

2. Канвей-Айленда құбыжығы

Тағы оқыңыздар: Дональд Трамп Назарбаевқа арнайы құттықтау жіберді

1953 жылдың қарашасында Англияның Канвей жағалауынан құбыжықтың мәйіті табылады. Оның не екенін ғалымдар дөп басып айта алмады.

3. Адам мен ешкінің қосындысы

50-жылдардың аяғында АҚШ-тың көптеген тұрғындары адам мен ешкінің қосындысына ұқсас құбыжықты көргендерін айтып, дабыл қаққан. Принс-Джорджес округін мекен еткен құбыжық иттердің басын жұлып әкететін деседі.

4. Чупакабра

Миссисипи штатының Пикаюн қаласында жергілікті тұрғындар чупакабра атап кеткен құбыжық малдарға тап беріп, адамдардың мазасын қашырған болатын. Ол малдардың қанын сорып алатын көрінеді.

5. Рок-несс құбыжығы

Тағы оқыңыздар: Баласын тастап, алимент төлеуден қашып жүрген жауапсыз әкелерге қатаң шара қолданылады

2015 жылдың қарашасында Ұлыбританияның  Холлингворт-Лейк су қоймасынан белгісіз балық түрінің өлексесі табылды. Оны жұрт Рок-Несс құбыжығы деп атап кеткен.

6. Канадалық құбыжық

Канаданың Онтарио провинциясында табылған мәйіт ит пен тышқанның қосындысына ұқсайды.

7. Монток құбыжығы

2008 жылдың шілдесінде АҚШ-тың Нью-Йорк қаласы Монток ауданында құбыжық мәйіті табылды. Ғалымдардың бірі оны жанат деп тапқанымен, көпшілік бұл болжамға сене қоймады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1545675-adamdardynh-zare-qutyn-qashyrghan-zheti-b.html