RU

Жаппай төбелестен қаза тапқан бірінші курс студентінің өліміне қатысты сот үкімі шықты

Қазақ ұлттық аграрлық университеті студентінің өліміне кінәлі деп айыпталған азамат сегіз жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан.

Іс материалдарына сәйкес,12 сәуірге қараған түні университет жатақханасында болған жаппай төбелес салдарынан бірінші курс студенті Болысбек қаза болған еді. Денсаулыққа қасақана ауыр жарақат келтірді деген айып бойынша 21 жасар Тойшыбек Асамов сот алдында жауап беруде.

"Сот Тойшыбек Асамовты Қылмыстық кодекстің 106 бабының 3-бөлігі бойынша ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") және 94-бабының 2-бөлігі 1-тармағы бойынша ("Қорқытып алу") айыпты деп таныды.

Асамов Тойчибек мүлкі тәркілене отырып, сегіз жылға бас бостандығынан айырылсын", - делінген сот үкімінде.

Тағы оқыңыздар: Танымал қазақ ақыны Жүрсін Ерман шөберелі болды (фото)

Прокурордың атап өтуінше, 12 сәуірде 00.15-те екінші курс студенттері мен бірінші курс студенттері арасында жанжал туындап, оның барысында Тойшыбек Асамов Дидар Болысбекке соққы берген.

"Сот-медициналық сараптама, қатты соққыдан кеудесі шок алып, ол жүректің тоқтауына әкеліп соқтырғанын растады", — деді прокурор Аслан Әділханов.

Sputnik Қазақстанға университетте хабарлағандай, қаза тапқан студент 17 жаста болған. "Орман, жер ресурстары және фитосанитария" факультетінде үздік оқыған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1545730-zhappay-tobelesten-qaza-tapqan-birinsh.html