Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атақты NinetyOne тобының әншісі домбырамен терме орындап, залды шулатты

Опубликовано:

Ел арасында ерекше стильдерімен танымал болған Ninety One тобының мүшесі Батырхан Мәліков Талдықорғанда өткен фан-кездесуде домбырамен терме орындап, жанкүйерлерін шулатты деп хабарлайды NUR.KZ. 

Бұл туралы аталмыш топтың жанкүйері Амангелді Аралбайұлы айтып берді.

"2 шілде күні Алматы облысының орталығы - Талдықорған қаласында Q-pop (Qazaq pop) бағытында өнер көрсететін Ninety One атты алғашқы Қазақстандық топ өздерінің жеке концертін қойды. Топ жанкүйерлеріне лық толған Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында өткен бұл концерт екі бөлімнен тұрды: алғашқы бөлімі фан-кездесу болса, екіншісі - шоу-концерт.

Фан-кездесу барысында Талдықорғандық EagleZ топты Жер жәннаты - Жетісу жерінің орталығы - Талдықорған қаласына алғаш қадам басуларымен құттықтап, топ мүшесі Батырхан Мәліковтен (ALEM) күй орындап беруін сұрап, арнайы алып келген домбыраларын ұсынған еді.

Тосыннан жасалған ұсынысты қабыл алған Батырхан қолына домбыраны алып, құлағын жөндей бергенде зал шуға тола кетті.

ALEM домбыраның сүйемелдеуімен Майлықожаның "Алқалы жұртым бармысың?!" атты термесінің екі шумағын орындап берді", - дейді Амангелді.

"Жігіттердің жан жақты, талантты, сегіз қырлы, бір сырлы екендерін жақсы білеміз"  деген жанкүйерлер Батырханнан терме күтпегендерін айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1545747-ataqty-ninetyone-tobynynh-anshisi-dombyramen-te/

pixel