RU

Кенеттен базар аралауға шыққан Түймебаев ондағы халықтың жағдайын көріп шошып кетті

Қоластындағы қызметкерлерінің берген есебінен шаршаған ОҚО әкімі кенеттен базар аралап, ондағы жай-күйді өз көзімен көріп шықты. Тіпті халықпен тілдесіп, проблеманы өз ауыздарыңыздан естігім келеді деген облыс басшысы бірқатар мәселені көріп, шошып кетті, деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Оңтүстік Қазақстан облысының басшысы Жансейіт Түймебаев Мақтарал ауданында кезекті іссапармен барып, біраз олқылыққа куә болды. Соның ішінде облыс үшін маңызы бар «Атакент» автовокзалында жолаушылармен тілдескен аймақ әкімі олардың өтініш-тілектерін тыңдады.

«Мен жоспардан тыс осы автовокзалға арнайы келіп тұрмын. Сіздермен тілдесіп, өтініш-тілектеріңізді өздеріңізден естігім келеді» деген Түймебаев мұнан соң базар аумағы мен қоғамдық тамақтану орнын да аралап, ондағы жай-күйді көріп шошып кетті.

«Негізі әр мемлекетте, әр облыста әуежай, темір жол вокзалы мен автовокзал сол өңірдің кіреберіс қақпасы болып саналады. Сондықтан тазалықты, көріктендіруді сол жерден бастау керек.

Қысқа уақыттың ішінде автовокзалдың ішін тазалап, жолды жөндеуді және базар ішін санитарлық талапқа сәйкестендіруді тапсырамын»,-деді ОҚО әкімі.

Тағы оқыңыздар: Танымал қазақ ақыны Жүрсін Ерман шөберелі болды (фото)

Одан өзге Түймебаев аудан орталығы Жетісай қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді аралап, кәріз жүйесінің жоқтығынан тұрғын үй ауласында қаз-қатар тізіліп тұрған әжетханаларды да көріп, аудан әкіміне бұл проблеманы шұғыл түрде шешу керектігін тапсырды. Кезінде кәріз жүйесіне бөлінген қаржының мақсатсыз жұмсалуына кінәлі болған азаматтарды тауып, шара көру керектігін де ескертті.

Тағы оқыңыздар: Адамдардың зәре-құтын қашырған жеті белгісіз құбыжық (фото)

Естеріңізге салсақ, жыл басында Мақтарал ауданының орталығы Жетісайда қала әкімі құны 3 млн теңгеден асатын қоғамдық әжетхананың ашылуына барып, күллі елдің сөзіне қалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1545755-kenetten-bazar-aralaugha-shyqqan-tuyme.html