RU

Қазақстанның 18 миллионыншы тұрғыны қай қалада дүниеге келді?

Талдықорғанда 2017 жылғы 11 мамырда дүниеге келген Муслима Саматқызы Қазақстанның 18 миллионыншы тұрғын болды, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Қазақстан.

Талдықорған тұрғынының дүниеге келуімен Қазақстан халқының саны 18 миллионға жетті.

"Муслима Саматқызы 11 мамыр күні Алматы облысының Талдықорған қаласында дүниеге келді. Туған кездегі нәрестенің салмағы 3300 грамм, ал бойы 51 см болды. Сәбидің ата-анасы Талдықорған қаласында тұрады: анасы – Омарханова Диана Ерикқызы – дефектолог, 1991 жылы, әкесі Бестыбаев Самат Еркинбекұлы — мұғалім 1982 жылы дүниеге келген", — деп атап өтті министр.

Тағы оқыңыздар: Димаштың әкесі ұлының қытайлықтарға 14 миллион теңге аударғанын жоққа шығарды

Ведомствода атап өткендей, 18-ші миллионыншы тұрғынның туған күнін анықтау барлық демографиялық оқиғаларды: халқы санының өсім (туу және иммиграция) және төмендеу (өлім және эмиграция) компоненттерін ескере отырып жасалды.

Жалпы, тәуелсіздіктің жылдар ішінде халық саны 1 562,5 мың адамға немесе 9,5%-ға өсіп, ағымдағы жылдың 1 маусымында 18 014,2 мың адамды құраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1545952-qazaqstannynh-18-millionynshy-turghyny-qa-2.html