RU

Мексикалық мэр қолтырауынға үйленді (видео)

Мексиканың Сан-Педро-Хуамелула қаласының мэрі Виктор Агилар (Victor Aguilar) қолтырауынға үйленді деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасап NUR.KZ.

Белгілі болғандай тойға бір күн қалғанда қолтырауынды шоқындырған. Ал той күні жыртқышқа ақ көйлек кигізіп, басына қалыңдық гүлін тағыпты.

Тіпті, күйеу жігітті тістеп алмас үшін оның жағын да байлап тастаған.

Тағы оқыңыздар: Димаштың әкесі ұлының қытайлықтарға 14 миллион теңге аударғанын жоққа шығарды

Айта кетейік,  XVIII ғасырдан келе жатқан дәстүрге сәйкес, Сан-Педро-Хуамелула қаласының әкімдері жыл сайын қолтырауынмен некелеседі.

Жергілікті тұрғындар бұл балықшыларға сәттілік әкеледі деп сенеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1545964-meksikalyq-mer-qoltyrauynmen-shanhyra.html