RU

Тапқыр атыраулықтар күннің ыстығына жұмыртқа қуырып жүр

Атырауда күннің ыстығы 40 градустан асып, тұрғындарды әбігерге салды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Атырау тұрғыны күннің қаншалықты ыстық екенін көрсету үшін сыртта жұмыртқа қуырған сәтімен бөліскен. Алайда әлдеқайда ыстық аймақтарда тұратын қазақстандықтарды бұл видео таң қалдыра қоймады.

"Ал Қызылордада 60 градус ыстық",  "Қазалының ыстығына далада ет асуға болады", "Есесіне газды үнемдейсіз","Шымкентте 45-градусың айналайын болып тұр", - деп жарыса пікір қалдырды желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1546139-tapqyr-atyraulyqtar-kunninh-ystyghyna.html