RU

Оралда танымал суретшінің әйелі аштықтан өлімші күйге түсті (фото)

Танымал суретші Сәкен Ғұмаровтың әйелі Гүлсара Ғұмарова Оралдағы хосписте төрт айдан астам уақыт жатыр. Ол емханаға әбден ашыққан күйде түскен. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Мой город" сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Дәрігерлердің айтуынша, 77 жастағы зейнеткер емханаға әбден ашығып, ауыр халде түскен. Тіпті бастапқыда сөйлей алмайтын күйде болыпты.

Сәкен Ғұмаровтың жары емханаға қалай тап болғанын есіне түсіре алмады. Ол қатты ашыққаннан склерозға шалдыққан.

"Тіпті не дерімді де білмеймін. Күйеуім өте сымбатты шашы бұйра азамат еді. Ол өте дарынды суретші болатын. Өнерді сүйетін. Ол қашан да майын тамызып, шебер сөйлейтіндіктен, мен оны бар зейініммен тыңдап отыратынмын. Оның әңгімелері ертегі секілді еді. Біз бірге бақытты өмір сүрдік. Ортақ қызымыз болды. Екі немерем бар. Бірақ олар, өкінішке қарай маған келмейді", - дейді суретшінің әйелі.

Гүлсара Ғұмарова күйеуіне өмір бойы сурет салуға көмектесіп келген. Ал бүгінде суретшінің туындыларының дені мемлекет меншігінде.

Тағы оқыңыздар: Оралда анасы құрылыс алаңына тастап кеткен сәбидің әкесі табылды (фото)

Ғұмаровтың бірталай туындыларын оның қазасынан кейін туыстары сатып жіберіпті.

Халық арасында суретшінің туындылары емдік қасиетке ие деген сенім тараған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1546223-oralda-tanymal-suretshininh-ayeli-ashty.html