RU

Шымкенттің орталығынан өз базарын ашқан қырғыздар оңтүстікке ағылып келіп жатыр

Шымкенттегі «Бекжан» базарын қырғыздар жалға алып жатыр. Ендігі жерде ол «Дордой – Шымкент» базары деп аталатын болды. Бұл сауда орталығының маңдайшасына көп ұзамай осындай атау жазылып қойылмақ деп хабарлайды Замана газетіне сілтеме жасап NUR.KZ.

Базарда күрделі жөндеу жұмыстары жүр­гізіліп, көп нәрсе жаңартылған.

«Бекжан» базарын Қыр­ғызстандағы «Дордой» базарының әкімшілігі жалға алды. "Дордой" ТМД елдері бойынша ең үлкен базар, әлемдегі осындай сауда орталықтарының ал­ғашқы ондығына кіреді. Бір айдай уақыт болды, осы базардың өкілдері Шымкент­ке келіп, біздің жақпен келісім-шарт­қа отырды. Мұн­да кө­терме сауда орталығы болады. Базарды олар 10 жылға жалға алды, кейін толықтай сатып алмақ ниетте", - дейді «Дордой – Шымкент» сауда орталығы филиалының бас директоры Клара Нәдірқұлова.

Тағы оқыңыздар: Айы-күні жақындаған шымкенттік қалыңдық той үстінде босанып қалды

Бұл базарда сауда жасауда негізінен артықшылық қырғыз кәсіпкерлеріне бе­ріледі. Өйткені мұнда жет­кізілетін тауардың барлығы дерлік, әсіресе жеңіл өнеркәсіп тауарлары Қырғызстаннан шы­ғарылады. Бағалары арзан. Енді бұл жаққа тауар бұрын­ғыдай екі-үш қолдан өтпей, тікелей жеткізіледі.

Қырғыз ағайындар бұл сауда орталығының қазіргі жай-күйін ұнатып отыр. Базар барлық құрылыстық, санитарлық, өрт-қауіпсіздік қағида-ережелерге сай жабдықталған. Қыста жылытылады, жазда салқындатылады. Камералар, мықты күзет жұмыс істейді. Сауда жасаушылар­ға барлық жағдай жасал­ған.

"Қазір жалға орын алушыларды айналысатын сау­да түріне қарай сұрыптап, тіркеп жатырмыз. Кейін қолдарына ордер, келісім-шарт береміз, сосын жалға алған «бутигіне» тауарын әкеліп қойып, саудасын жасай бе­реді. Мұнда «Дордой» деп ата­латын автотұрақ жұмыс істей­тін болады. Сатушылар он­лайн-режимде «Дордоймен» байланысып қаже­тіне тапсырыс беруіне мүм­кіндік бар. Яғни екі ортада қатынайтын көліктер олардың тапсы­рысын көп ұзамай-ақ жеткізіп беретін болады. Сондай-ақ бұл сауда орта­лығының Түркістанда да ау­мағы 9 гектарлық бөлім­шесі ашылған. Ол «Алтынбұлақ – Дордой» деп аталады. Қырғыз кәсіп­керлерін ол жақ­қа да орналастыратын боламыз», - базар басшысы.

Тағы оқыңыздар: Татарстан президенті Атамбаевтың әйелімен байланыста болғанын жайып салды (фото)

Бүгінде саудада Қыр­ғызстан тауарларына сұраныстың жақсы екенін, оның үстіне Шымкенттің тоғыз жолдың торабында орналасқанын, Өзбекстанның да жақын жатқанын ескерсек, бұл базарда сауда көп ұзамай-ақ құж-құж қайнайтын сияқты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1546349-shymkentte-oz-bazaryn-ashqan-qyrghyzdar.html