Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақтар КВН-да жеңіске жету үшін Тұрсынбек бір ай бойы тойға шықпаған (фото)

Опубликовано:

Қазақтар КВН-да жеңіске жету үшін Тұрсынбек бір ай бойы тойға шықпай, айлық табысынан бас тартқан. Астанада өткен КТК ойындарының Жазғы кубогы кезінде бірінші орын алған "Каzахи" командасы жеңістен алған әсерлерімен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

"Каzахи" командасының жігіттері жеңіске жеткендеріне қатты қуанғанын жасырмады. Олардың айтуынша, бұл жеңіс әу бастан ақ белгілі болған деген елдің қауесеті ғана әзілкештердің көңілін түсірген.

«Ойыннан соң қазақтар өз елінде болғандықтан ғана жеңіске жетті деген пікірлер көбейіп кетті. Барлығы біз жеңуіміз үшін жол берді деп жүр. Әрине, бұл жеңіс елді таңғалдырғаны қуанарлық жайт, алайда барлығының адал өткеніне көрермендер куә.

Камызяктар 200 пайыз дайындықпен келген. Алайда біздің команданың, әсіресе Тұрсынбек Қабатовтың харизмасы бәрібір де жеңіп шықты. Ал қазақтардың жеңісі әділ өтпеді дегенмен келіспейміз", - дейді Астана қалалық мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов.

Команда капитаны Нұрлан Қоянбаев тап сахнада тұрып, көз жасын тоқтата алмағанын айтады.

«Кешірім сұраймын, сахнада тұрып көзіме жас келді. 15 жылдық тарихы бар ойынымыз, барлығы көз алдыма келді. Әділқазылардың айтуынша, бұл соңғы он жылдағы ең мықты ойын болды.

Бүкіл залды жардық. Ойын қазақ тілінде басталды. Барша көрермендер күлкіге қарық болды. Барлығы түсініп отырды, бірақ кейін журналистер мен редакторлар келіп: "Не айттыңыздар?" деп сұрай бастады", - дейді Қоянбаев.

"Каzахи" командасы бұл шара өтпес бұрын бір ай бойы үйге қонбастан жұмыс істегенін айтады. Олар жеке коттедж жалдап, күндіз-түні сценарий жазумен болған.

«Тұрсынбек бұл ойын үшін бір ай бойы тойға шықпайтынын айтты. Жасыратыны жоқ, Тұрсынбек қазір нөмір бірінші әзілкеш. Оның бір ай істеген жұмысының құны Молдавияның жылдық табысына тең", - дейді әзілкештер.

Қазақтар командасының ойыны Александр Масляковты да таңғалдырған. Ол команданы ресми түрде ресейлік "Первый канал"-ға шақырды.

Еске салсақ, Астанада 1 шілдеде өткен КТК ойындарының жазғы кубогында ""КаZахи" командасы алға шығып, бірінші орынды иеленген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1546373-qazaqtar-kvn-da-zhenhiske-zhetu-ushin-turs/

pixel