RU

Жеті жасар баланы зорлап жатқан педофилді тұрғындар өлтіре жаздады (фото, видео)

Әзірбайжанның Абшерон ауданында жеті жасар баланы зорлап жатқан жерінен ұсталған педофилді тұрғындар өлтіруге шақ қалды. Бұл туралы NUR.KZ порталы 1news.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, ер адам түрлі уақыттарда төрт кішкентай баланы зорлап үлгерген. Күдікті 38 жастағы Хокмали ауылының тұрғыны Ибрагим Бугуров болып шықты.

Тағы оқыңыздар: Шымкенттің орталығынан өз базарын ашқан қырғыздар оңтүстікке ағылып келіп жатыр

Азғын Гейдар Алиев даңғылында жеті жасар балаға тап берген. Мұны көрген жергілікті тұрғындар ер адамды жабылып аяусыз соққыға жығады. Полицейлер педофилге араша түсіп, оны құтқарып қалды.

Олар қылмыскерді қамауға алып, қылмыстық іс қозғаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1546417-zheti-zhasar-balany-zorlap-zhatqan-pedof.html