RU

Қарағандыда жантүршігерлік жол апатынан танымал асаба көз жұмды

Қарағандылық танымал асаба Дмитрий Жченко 37 жасында қайтыс болды. Ол жантүршігерлік жол апатына түсіп, 16 күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан деп хабарлайды eKaraganda.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Жол апаты 18 маусым күні болған. Дмитрий Анзур Бораншинов есімді диджеймен бірге Қарағанды маңында өтетін тойға асыққан.

Қалаға 30 шақырым жерде көліктің дөңгелегі жарылып, қатты жылдамдықпен қозғалып келе жатқан көлік бірнеше рет аударылып түскен. Анзур Бораншинов оқиға орнында тіл тартпай кеткен.

Тағы оқыңыздар: Микрофонын тастай сала шашуға таласқан "МузАРТ" пен Қайрат күлкіге қарық қылды (видео)

Ал екі аптадан соң Дмитрий де жансақтау бөлімінде жатып, көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1546422-qaraghandyda-zhanturshigerlik-zhol-apat-2.html