RU

Күйеуі кетіп қалған жүкті келіншек үш баласын өз қолымен өлтірген

Иранда жүкті келіншек үш баласын аяусыз өлтіріп, артынша өзіне қол салмақ болды. Бұл туралы NUR.KZ порталы ru.oxu.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Солтүстік Хорасан провинциясында болған бұл жағдай жұртты дүрліктірді. 29 жастағы әйелдің ақыл-есінде ауытқушылықтар бары анықталған. Алты айлық жүктілік мерзімінде болған ол үш, алты және сегіз жастағы балаларын өлтіріп тастаған.

Тағы оқыңыздар: Назарбаев қайта жөндеуден өткен "Бәйтеректің" ішін өзі тексеріп шықты (фото)

Артынша өзі де асылып өлмек болған сәтінде оны туыстары құтқарып қалды. Бүгінде әйел емханаға жатқызылған. Ал күйеуі әйелін жақында тастап кеткені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1546458-zhukti-kelinshek-ush-balasyn-ayausyz-olti.html