RU

Шымкенттіктер жас қыздардың жүктілігі жөнінен елімізде көш бастады

Оңтүсік Қазақстан облысында неке саны азайып, жеткіншектердің жүктілігі көбейген. Бұл туралы NUR.KZ порталы "ТВК" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Өңірде неке саны азаюмен қатар, кәмелетке толмағандардың жүкті болуы көбейген. Өткен жылдың өзінде облыста 500 рет отбасылық зорлық-зомбылық фактісі тіркеліпті. Бұл өз алдына облыстағы ажырасу көрсеткішін өсіріп отыр.

Тағы оқыңыздар: 50 жылдан бері ЭКСПО көрмесін тамашалап жүрген жапондық әжей Астанаға келді (фото)

Өкінішке қарай, облыс кәмелетке толмағандардың жүктілігі бойынша бірінші орында тұр. Ресми мәліметтерге қарағанда, кәмелетке толмаған аналардың саны бойынша Шымкент көш бастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1546545-shymkenttikter-zhas-qyzdardynh-zhuktili.html