RU

16 жастағы жасөспірім 71 жастағы кейуанаға үйленді (видео)

Индонезияда 16 жастағы жасөспірім Селамат Рияди 71 жастағы Рохайеге үйленді. Бұл туралы NUR.KZ порталы Life сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қос ғашықтың" отбасы бұл некеге қарсы болғанымен, амалсыз келісім берген. Себебі, жасөспірім некеге кедергі жасалса, өзіне қол салатынын айтып қорқытыпты.

Кейуананың да, жасөспірімнің де отбасы өте кедей тұратындықтан, неке ақшаға бола қиылды деу қисынсыз. Жасөспірім кейуана өмірлік махаббаты екенін алға тартып, басқаға үйленбейтінін кесіп айтыпты.

Тағы оқыңыздар: Әзірбайжандық азаматты көршілері ұлының орнына өлімші етіп сабады (фото)

"Қалыңдыққа" қалың мал ретінде 11 доллар ғана берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1546586-16-zhastaghy-zhasospirim-71-zhastaghy-keyuana.html