RU

Әблязовтің ұлы Ұлыбританияда 1,3 млн долларға ықтияр хат сатып алды

Мадияр Әблязов 2013 жылы инвесторлық визаға өтініш тастап, Ұлыбританиядан шамамен 1,3 млн долларға ықтияр хат сатып алды. Бұл мүлікке ақшаны әкесі Мұхтар сыйға тартып, швейцариялық банктегі есепшотына ақша аударған. Бұл туралы NUR.KZ порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Инвесторлық виза алу үшін 2 миллион фунтқа британиялық акциялар сатып алу керек. Аталмыш визаға ие болғандар ықтияр хат сатып алып, тіпті бес жылдан кейін елдің азаматтығына ие болады.

Мүлікті алу үдерісі 2008 жылы басталған. Мұхтар Әблязовтің ұлына 1 млн фунт сыйға тартқаны туралы  құжаттар британиялық шекара қызметіне жолданды. Ал өтініш 2009 жылдың наурызында беріліп, екі айдан кейін Мадияр инвесторлық визаға ие болған.

Тағы оқыңыздар: 250 келі болатын әйел "ерекше" бөксесі үшін арықтаудан түбегейлі бас тартты (фото)

2013 жылы ол аталмыш елде ықтияр хат сатып алып, 2014 жылы өз ақшасын кері қайтару мүмкіндігіне ие болды. Шотқа аударылған ақша қандай жолмен табылғаны және қаншалықты тексерістен өткізілгені белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1546664-ablyazovtinh-uly-ulybritaniyada-13-mln-dol.html