RU

Есінен айырылған алматылық студенттің енді досы жоғалып кетті (фото)

Алматыда 23 жастағы Әлішер Нұрмұхамбетов іздестіріліп жатыр. Ол осыған дейін із-түзсіз жоғалып кетіп, Шымкенттен табылған Арман Нұржанұлымен таныс болған деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жас жігітті жақындары 16 маусымнан бері таппай отыр. Ұялы телефоны өшірулі.

Жігіттің әпкесі Нұрмұхамбетова Макираның айтуынша, інісі Достық көшесі бойындағы мейрамханалардың бірінде жұмыс істеген.

Тағы оқыңыздар: Әблязовтің ұлы Ұлыбританияда 1,3 млн долларға ықтияр хат сатып алды

Нұрмұхамбетовтер отбасы Талдықорғанда тұрады. Ата-анасының жалғыз ұлы Әлішер Алматыға бірнеше жыл бұрын жұмыс істеуге келген.

«Соңғы рет әріптестері оны 16 маусымда көрген. Жалақысын алып кеткен. Содан оны ешкім көрмеді. Алматыда ол туысқандарымызбен тұратын. Олар да 20-маусымнан бастап дабыл қағып жатыр», - дейді әпкесі Макира.

Еске сала кетейік, алматылық Арман Нұржанұлы 1-2 күнде диплом қорғайын деп отырғанда із-түзсіз жоғалып кеткен болатын. Арада төрт апта өткеннен кейін жас жігіт Шымкенттен табылып, есін білмейтін болып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1546687-esinen-ayyrylghan-almatylyq-studentt.html