RU

Ләйлә Сұлтанқызы неліктен қалыңдық көйлегін кие алмағынын айтып, ағынан жарылды

Бүгін Астанада 38 жұп некесін қиды. Осы салтанатты шараға қатысқан танымал тележүргізуші Лəйлə Сұлтанқызы тағдырдың тəлкегімен ақ көйлек кимегенін, бүгінгі қалыңдықтарға қызыға əрі қызғана қарағанын айтты деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Тележүргізуші жас жұбайларға жүрекжарды тілегін білдіріп, оларды отбасылық өмірде төзімді əрі сабырлы болуға шақырды.

Тағы оқыңыздар: Есінен айырылған алматылық студенттің енді досы жоғалып кетті (фото)

"Мен бүгінгі жас қалыңдықтарға қызыға əрі қызғана қарап отырмын. Себебі, тағдырдың жазғаны болар, маған осылай ақ көйлек киіп, ашық аспан астында неке куəлігін алу салтанаты бұйырмапты. Барлықтарыңызға айтарым, отбасылық өмірдің алғашқы 4-5 жылы сіздердің өмірлеріңіздегі ең қиын жылдар болуы мүмкін. Алайда, бəріне уақыт, сабыр, төзім керек. Баршаларыңызды бүгінгі айтулы күнмен құттықтай отырып, керегесі кең, шаңырағы биік отбасы болуларызға тілектеспін"- деп тележүргізуші ақ тілегін арнады.

Айта кетейік, танымал кәсіпкер Қайрат Беркінбаев пен бірге екі ұлды тәрбиелеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1546711-layla-sultanqyzy-nelikten-qalynhdyq-k.html