RU

Жомарт жан отандық әншіге бес миллион теңге тастап кетті (фото)

Алматыдағы Aura Bar&Karaoke барының иесі әрі әнші Луина Instagram желісінде 5 881 260 теңгелік чекті көрсетіп, жұртқа мақтанды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Мұндай ақшаны клиенттердің бірі қалдырып кеткен екен.

"Қазақ жерінде нағыз жігіттер әлі де бар. Құпия қонақты барынша сыйлаймын", - деп жазған әнші чектің фотосымен бөлісті.

Тағы оқыңыздар: Ләйлә Сұлтанқызы неліктен қалыңдық көйлегін кие алмағынын айтып, ағынан жарылды

Чекте барды бір түнге жалға алуға болатыны жазылған. Және бұл қызмет 5 млн теңге тұрады екен. Алайда оқырмандары бұл чектің фотосын жылы қабылдай қоймады.

"Қара нанға жете алмай жүрген жұрт қанша, керегі не осындайларды шығарып?",  "Одан да жағдайы ауыр балаларға бермей ме?", "Қаншама адам нанға зар болып отыр. Мынау не деген сұмдық", "Сіздер үшін ақшасы барлар ғана нағыз жігіт екені өкінішті", - деп күйінді желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1546764-zhomart-zhan-otandyq-anshige-bes-million.html