RU

Астанада бір сәтте 38 жұп некесін қиды (фото)

Астананың туған күні қарсаңында елордада 38 жұп некесін қидырды. Салтанатты шара "Атамекен" қорған кешенінің алдында өтіп оған жас жұбайлармен бірге олардың ата-аналары мен жақындары қатысты деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Шараға сондай-ақ, белгілі тележүргізуші Лəйла Сұлтанқызы мен танымал əртіс Əділ Ахметов қатысып, жас жұбайларға өздерінің жүрекжарды тілектерін арнады.

Тағы оқыңыздар: Назарбаев қайта жөндеуден өткен "Бәйтеректің" ішін өзі тексеріп шықты (фото)

Неке куəліктеріне қол жеткізіп, отбасылық өмірге қадам басқан жұптардың бірі Айнұр Молдашева мен Ринат Мурзабаев. Жұбайлардың айтуынша, олар студент кездерінен бір-бірін жақсы танып, кейін жеті жыл бойы жұптарын жазбаған екен.

"Біз колледжден бастап бір-бірімізді жақсы танимыз. Алғашында жақын араласпаған едік. Кейіннен достасып, отбасын құру туралы шешімге келдік", - дейді жас жұбайлар.

Салтанатты шара соңы "Думан" қонақүйінде жалғасып, онда жас отбасыларға "Түркияға жолдама" мен теледидар сияқты бағалы сыйлықтар лоторея жолымен тарту етілмек.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылы аталған салтанатты шараға он жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында игі шараға 18-62 жас аралығындағы 500-ге тарта жас отбасылар қатысқан.

Тағы оқыңыздар: Жомарт жан отандық әншіге бес миллион теңге тастап кетті

Тағы оқыңыздар: Ләйлә Сұлтанқызы неліктен қалыңдық көйлегін кие алмағынын айтып, ағынан жарылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1546785-astanada-bir-uaqytta-38-zhup-nekesin-qidy.html