RU

Қостанайда серуендеуге шыққан сегіз жасар балақай жоғалып кетті (фото)

Қостанайда сегіз жасар Игорь Коцкий сейсенбі күні қыдырып келуге шығып, үйіне қайта оралмаған, деп жазады жергілікті "Алау" басылымына сілтеме жасап Sputnik Қазақстан.

Ұлының жоғалып кеткені туралы Ирина Коцкая хабарлады. Ананың айтуынша, Игорь қыдырып келуге шығып, қайта оралмаған, болжам бойынша, "Восток" дүкені маңында жоғалып кетіпті.

Тағы оқыңыздар: Астанада бір сәтте 38 жұп некесін қиды (фото)

№101 дүкенінің сатушылары 16:30-да баланы көрген екен. Ата-анасы бала жоғалған бойда полицияға хабар берген.

Игорь ақ жолақты қара шолақ шалбар мен суреті бар ақ жейде киген.

Баланың қайда жүргенінен хабардар жандар болса, +7 777 626 8634 немесе 102 нөмірлеріне қоңырау шалыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1546896-qostanayda-seruendeuge-shyqqan-segiz.html