RU

Қомағай 10 минуттің ішінде 72 хот-дог жеп, рекорд орнатты

Америкалық Джоуи Честнат 10 минуттың ішінде 72 хот-дог жеп, жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды Baq.kz шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

4 шілде күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында Тәуелсіздік күнінде жыл сайынғы Nathan's Famous Hot Dog Eating Contest жарысы өтті. Аталған сайыста Честнат ең көп хот-дог жеп, оныншы рет үздік атанды.

Тағы оқыңыздар: Қостанайда серуендеуге шыққан сегіз жасар балақай жоғалып кетті (фото)

Айта кетсек, өткен жылғы рекордты да Честнат орнатқан болатын. Ол кезде америкалық 70 хот-дог жеп тауысқан.

Ал әйелдер арасында Мики Судо төртінші мәрте қатарынан чемпион атанды. Ол 41 хот-дог жеген.

Жеңімпаздар сыйлық ретінде 10 мың доллардан алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1546947-10-minuttinh-ishinde-72-khot-dogty-tausyp-qoy.html