RU

Баянмен шаңырақ көтергісі келген Алагөзов әйелімен ажыраса алмай жүр

Баян Масқсатқызы баспасөз мәслихатында бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев туралы не ойлайтынын айтып, Тұрсынғали Алагөзовпен үйлену тойы жайында сөз қозғады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Продюсер Баян Мақсатқызы "Баян. Обо мне и не только" атты кітабының жарыққа шығуына орай баспасөз мәслихатын өткізді. Ол, Тұрсынғали Алагөзовпен үйлену тойы жайында әңгімеледі.

Тағы оқыңыздар: Ләйлә Сұлтанқызы неліктен қалыңдық көйлегін кие алмағынын айтып, ағынан жарылды

"Алғашқы жұбайыммен соңғы рет сөйлескен кезім дейсіз бе? Мен мұны соңғы рет деп есептемеймін, өйткені біз жау емеспіз, есікті тарс жауып тастаған жоқпын.

Ақыл-есі түзу адам ретінде, екі баламыз бар екенін, олардың күнделікті сөйлесіп, хал-жағдай сұрасып, кездесіп тұратындарын ескерсек, қош айтыспай, араласып тұру жөн деп санаймын, сондықтын бұл біздің соңғы сөйлескеніміз емес. Сізге айтарым, біз бір-бірімізге тіл тигізген емеспіз, бірге өткізген 22 жылда ондай жайт болған емес, сол себепті онымен сабырлы, салиқалы түрде сөйлесуге шамам жетті", — деді ол бұрынғы күйеуімен сөйлескен сәті туралы.

Оның айтуынша, Тұрсынғали Алагөзов әлі ажыраспағандықтан, үйлену тойы кейінге қалдырылды.

"Заңнамаға сәйкес, тарап қарсылық білдірсе, жарты жылға дейін ажыраспауға болады, сол себепті сот талқылауы 16 тамызда өтеді, тағы ажырастырмай қойса, заңға қайшы келеді деген сөз", — деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1546999-bayanmen-shanhyraq-kotergisi-kelgen-ala.html