RU

Ақмола облысында үстіне найзағай түскен адам ғажайыптың күшімен аман қалды

Ақмола облысы тұрғынына жай түсіп, өлім аузынан аман қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға Есіл аудандық ауруханасының дәрігерлеріне сілтеме жасап.

Жазатайым оқиға 3 шілде күні 22.00-де Есіл қаласының шетінде болған.

1961 жылы туған жергілікті тұрғынға жай түсіп, Есіл аудандық ауруханасына жеткізілген. Ауруханада төтенше оқиғаның мән-жайы туралы айтылды. Ер адам мал бағып, күн көреді екен. Сол күні кешке жаңбыр кезінде атпен келе жатады.

Тағы оқыңыздар: Павлодарлықтар ЭКСПО билеттерін екі есе арзан бағаға сатып жатыр (фото)

Найзағайдың негізгі күші жылқыға түсіп, малшы аман қалған. Аты қаза тапқан.

Науқастың жағдайы бір қалыпты, қатты зардап шекпеген.

"Сирек кездесетін жайт, жолы болған екен. Негізінде жай түскенде адам бірден өліп кетеді", — дейді дәрігерлер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1547072-aqmola-oblysynda-ustine-nayzaghay-tus.html