RU

Атақты теннисші баспасөз жиынында жылап жіберді (видео)

Уимблдонның бірінші кезеңінде Винус Уильямс бельгиялық Элиза Мертенсті — 7:6, 6:4 есебімен ұтты. Матч соңынан кейін ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында америкалық теннисші журналистің адам өлімімен аяқталған жол апаты жайлы сұрағынан кейін жылап жіберді деп жазады prosports.kz.

Естеріңізге салайық, 9 маусымда Винус Уильямс жол апатына ұшыраған. Теннисші Toyota Sequoia автокөлігімен қызыл бағдаршамға өтіп кетіп, Линда Барсон жүргізген Hyundai Accent көлігімен соқтығысқан.

Нәтижесінде, жеңіл автокөлікті жүргізген Линда мен Джером әртүрлі жарақат алған.

Екі аптадан кейін 78 жастағы Джером Барсон ауруханада көз жұмған. Ал арнайы сараптамалық текскеріс спортшының организмінде қабылдауға болмайтын дәрілер мен алкогольді таппаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1547100-ataqty-tennisshi-baspasoz-zhiynynda-zhy.html