RU

Жас ана арықтататын дәрі ішемін деп ажал құшты

Испанияда Лусеро Кампос есімді 24 жастағы ана арықтататын дәрі ішемін деп ажал құшты. Бұл туралы life.ru-ға сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Сәбиін осыдан бір жыл екі ай бұрын дүниеге әкелген Лусеро Кампос салмақ тастау үшін бір айын бұрын дәрігердің кеңесіне жүгінбей-ақ, арықтатын дәрі іше бастаған.

Тағы оқыңыздар: Атақты теннисші баспасөз жиынында жылап жіберді (видео)

Себебі екі баланың анасы Avitia Corbax деп аталатын таблеткалардың құрамында табиғи қоспалардың барына сенімді болған.

1 шілде күні тынысы тарылып, денсаулығы нашарлаған жас ана дереу ауруханаға жеткізілген. Кейін ол комаға түсіп, артынша қаза болады.

Дәрігерлер марқұмның өліміне арықтататын таблеткалар себеп болғанын растап отыр.

El Universal басылымының жазуынша, Avitia Corbax таблеткаларының құрамында тыйым салынған заттар табылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1547121-zhas-aryqtatyn-dari-ishem-dep-azhal-qush.html