RU

Төрт күн демалыста қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұр?

Синоптиктер мереке және демалыс күндеріне 6-10 шілде аралығына арналған ауа райы болжамын жария етті.

«Қазгидромет» болжауынша, Ираннан құрғақ және ыстық ауа келуіне байланысты республиканың оңтүстігінде сынап бағанасы 40 градустан жоғары болады.

«Жақын тәуліктерде тропосфералық фронттар ауыспайды. Сондықтан мереке және демалыс күндері ыстық ауа райы сақталып тұрады. Қазақстанның солтүстік жартысындағы атмосфералық фронттар жылжып, еліміздің кейбір аумақтарында жауын-шашын мен жел болады деп болжанады. Алдағы екі тәулікте ауа райы нормаға жақын болады да кейіннен температура көтерілуі мүмкін», - деді синопиктер.

Тағы оқыңыздар: Атақты теннисші баспасөз жиынында жылап жіберді (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1547149-tort-kun-demalysta-qazaqstandyqtard.html