RU

Ресей мен Иран АҚШ-тың орынсыз килігуіне бірлесе қарсы тұрмақ

Ресейдің Сириядағы әскерилерінің берген деректерінде ән-Носарт майданындағы лаңкестік топтардың елдің солтүстік-батысындағы Идлиб аймағында химиялық шабуылмен арандатушылық жасағалы отырғанын мәлімдеді.

АҚШ Сирия үкіметін химиялық қару қолданғалы отыр деп жазғырып, егер химиялық қару қолданатын болса Сирия үкіметіне ауыр соққы беретінін ескерткен. Ал, ресейлік әскерилердің берген хабарында, лаңкестік топтар химиялық қару қолданып, арандатуға ұрынғалы отыр деді.

Қазіргі кезде Иран Қорғаныс күштері мен Ресейдің Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшылары телефон арқылы тілдесіп, АҚШ-тың Сирия ісіне орынсыз араласуын болдырмауға тырысуда.

Ресей жақ АҚШ-тың сылтау тауып Сирия режимін құлатуға тырысады деп айыптайды. Ал, АҚШ болса Башар Асад билігі Сирияның басты кедергісі деп қарайды.

Тағы оқыңыздар: Атақты теннисші баспасөз жиынында жылап жіберді (видео)

Дегенмен, Ресей және Иран, Түркия қатарлы елдер АҚШ-тың өңірдегі ең негізгі террорлық ұйымдарды астыртын қолдап отырғаны туралы да деректерді алға тартады.

Дереккөз: Qazaqtims.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1547157-resey-men-iran-aqsh-tynh-orynsyz-kiligui.html