RU

Жолаушыларды пойыздан секіруге мәжбүрлеген жолсерік жауапқа тартылды

Жолсерік келіншек пойыздың «Алтай» аялдамасына келгенін хабарлауды ұмытып кеткен. Пойыз қайта жүре бастағанда жолсеріктің есіне түсіп, жолаушыларды шабадандарымен қоса секіруге мәжбүрлеген деп хабарлайды Қамшы.

Батыс Сібір тергеу басқармасы жолсерікті жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргені үшін айыпты деп таныған және жолсерік келіншекке 15 мың рубль айыппұл салған.

Тағы оқыңыздар: Атақты теннисші баспасөз жиынында жылап жіберді (видео)

Пойыздан секіруге мәжбүр болған жолаушылар жеңіл жарақат алған. Ал жолсерік жұмыстан шығарылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1547182-zholaushylardy-poyyzdan-sekiruge-mazhb.html